Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Царств
Параллельные места
Дәуіт сарбаздарымен оларға ымырт жабыла бас салып, келесі күннің кешіне дейін шайқасты. Түйелеріне мініп қашып кеткен төрт жүз жас жігіттен басқа амалектіктердің ешбіреуі құтыла алмады. Дәуіт осылайша амалектіктердің алып кеткендерінің бәрін де, өзінің екі әйелін де құтқарып алды. Сарбаздардың үлкенді-кішілі адамдарынан, ұл-қыздары мен жинаған олжаларынан, амалектіктердің бұлардан қолға түсіргендерінен ештеңе де жоғалмапты, Дәуіт бәрін де қайтарып алды. Оның үстіне жаудың бүкіл ірілі-ұсақты малдарын да қолына түсірді. Адамдары осы малдарды өз малдарынан бұрын айдап, «Бұл — Дәуіттің олжасы!» — десті. Дәуіт Сикеләгке қайта оралған соң, олжаның біразын Яһуда елінің өзімен достасқан рубасыларына жіберіп: «Бұл — сізге Жаратқан Иенің жауларынан түскен олжадан сыбаға!» — деген сәлемін жолдады. Осылайша сол күні Саул мен оның үш ұлы, қару тасушысы және барлық басқа нөкерлері қаза тапты.
2. Царств
Выбор основного перевода