Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Үй мен мал-мүлкің — мұраң әке-шешеңнен,Ал ақылды әйелің — сыйың Жаратқан Иеңнен. Мен ешкімнен алтын-күміс, киім-кешек дәметкен емеспін. Мұны ұялту үшін емес, сүйікті рухани балаларым ретінде ескертіп жазып отырмын. Мәсіхпен жүрген тіпті он мың ұстаздарың болса да, «рухани әкелерің» көп емес. Себебі мен Ізгі хабарды уағыздап, сендерді Мәсіх Исаның жолына түсіріп, жаңа өмірге ие еттім. Әркім жеке басының емес, басқаның мүддесін ойлауы керек. Мен де бәріне қай жағынан да ұнамды болуға тырысып, жеке басымның емес, көпшіліктің мүдделерін ойлаймын. Мұны олардың құтқарылуы үшін істеймін. Сонымен сендерге үшінші рет бармақпын. «Әрбір іс ең кем дегенде екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденуі керек» (деп Тауратта жазылғандай, мәселелеріңді қайтадан дұрыстап тексермекпін).
Выбор основного перевода