Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Қайта, барлық істе де Құдайдың қызметшілеріне лайық болуға ұмтылып, зор шыдамдылықпен азаптар, ауыртпалықтар және қиын-қыстау жағдайларды басымыздан өткіземіз. Мұны бір нәрсе қажет болғандықтан айтып тұрған жоқпын. Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім. Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын. Сондықтан біз бастарыңнан өтіп жатқан әр түрлі қудалау мен қысымшылықтар кезіндегі шыдамдылықтарың мен сенімдеріңді Құдайдың өзге қауымдарына айтып, мақтан етіп жүрміз.
Выбор основного перевода