Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Сендер Мәсіхтің арқасында барлық жағынан да рухани байып, Құдайдың сөзі жайлы еркін сөйлей алып, жан-жақты білімге ие болдыңдар. Басқалардың бұған қақысы болса, біз одан бетер қақылы емеспіз бе?Алайда осындай хақымыз бола тұра, оны пайдаланған емеспіз. Қайта, біз Мәсіх туралы Ізгі хабардың таралуына кедергі жасамау үшін әр түрлі қиыншылықтарға шыдап келеміз. Сонымен, менің алар сыйым қайсы? Уағыздауымда құқықтарымды қолданбай, Ізгі хабарды тегін таратуым — алар сыйым, міне, осы. Сендерді рухани жағынан көтермелеу үшін өзімді «төмендетуіммен» күнә жасадым ба? Құдайдың Ізгі хабарын сендерге тегін уағыздадым емес пе! Өйткені Македониядан келген бауырластар қажет нәрселерімнің орнын толтырды. Қай істе де сендерге ауыртпалық түсірмеуге тырыстым және тырысамын да.
Выбор основного перевода