Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Менахимнің заманында Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер Солтүстік Исраилге қарсы аттанды. Менахим оның қолдауына ие болып, өзінің елдегі билігін күшейту үшін Ассур патшасына мың ат басындай күміс төледі. Солтүстік Исраилдің патшасы Пақахтың заманында Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер қайтадан аттанып келіп, Ион, Әбел-Бет-Маха, Янох, Қадеш, Хасор қалаларын жаулап алды. Жау сондай-ақ Ғилақад пен Ғалилея аймақтарын және Нафталим руының бүкіл жерін басып алып, тұрғындарын Ассурға жер аударып алып кетті. Ошия патшалық құрған тоғызыншы жылы Ассур патшасы Самарияны қолына түсіріп, оның халқын Ассур еліне жер аударып әкетті. Оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның қалаларына қоныстандырды. Ассур патшасы Солтүстік Исраилдің халқын Ассурға жер аударып әкетіп, оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның қалаларына қоныстандырды. одан Бегерах. Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер рубендіктерді жер аударып алып кеткен кезде Бегерах Рубеннің басшысы болатын.
Выбор основного перевода