Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Яһуда, сені бауырларың мадақтайды!Қолың жауыңның желкесінен түспейді,Әкеңнің ұлдары саған бас иеді. Яһуда, сен жас арыстанға ұқсайсың!Ұлым, аң аулап, қайтып келе жатырсың:Ол еркек арыстан құсап қомданады,Күшігін қорғайтын ана арыстандай жатады;Оны мазалауға кімнің батылы барады? Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды,Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды,Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында,Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да! Ал сен, Ефрата аймағындағы Бетлехем, Яһуданың әулеттерінің арасындағы маңызсызы болсаң да, сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады. Оның шыққан тегі ежелгі заманнан, мәңгіліктен. «Ал сен, Яһуда жеріндегі Бетлехем, Яһуданың басты қалаларының арасындағы ең маңызсызы емессің: сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады».
Выбор основного перевода