Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Сонымен Лия жүкті болып, ұл туды. Ол: «Шеккен жәбіріме Жаратқан Ие қарады. Енді күйеуім мені жақсы көретін болады», — деп, баласына Рубен («Қара, бір ұл!») деген ат қойды. Ол сол елде тұрған кезде тұңғышы Рубен әкесінің кәнизагы Балхамен жақындасты. Ал Исраил бұл туралы біліп қойды.Жақыптың он екі ұлы болды. Исраил Жүсіпке батасын беріп тұрып былай деді:— Аталарым Ыбырайым мен Ысқақ Құдайдың көз алдында ғұмыр кешті. Құдай менің де өмір бойы бүгінге дейін Қорғанышым болып келеді. Ол — барлық апаттан мені құтқарып келген Хабаршы, енді мына балаларды да жарылқай көрсін! Менің атым және аталарым Ыбырайым мен Ысқақтың аттары осылар арқылы жалғаса беріп, олар жер бетінде кереметтей көбейсін! Әкесі оң қолын Ефремнің төбесіне қойғаны Жүсіпке ұнамады. Сондықтан ол оң қолын Ефремнің басынан алып, Манасаның төбесіне қоймақшы болып: — Әке, олай емес! Тұңғышы мынау, оң қолыңызды соның басына қойыңыз, — деді. Бірақ әкесі бұған қарсы шығып:— Ұлым, мен оны өзім де білемін. Бұдан да халық шығып, ол да атақты болады. Бірақ оның інісі ағасынан да ұлы болып, оның ұрпақтарынан топ-топ рулар тарайды, — деді. Жақып оларға батасын беріп тұрып: — Исраилдің ұрпағы бата бергенде сенің атыңды атап, «Құдай сені Ефрем мен Манасадай қылсын!» деп айтатын болады, — деді. Осылайша ол Ефремді Манасадан жоғары қойды. Содан кейін Исраил Жүсіпке:— Біліп ал: жақында мен бұ дүниеден кетемін. Бірақ Құдай жар болып, сендерді аталарыңның жеріне қайтарады. Мен семсер-садағыммен аморлықтардың қолынан тартып алған қыратты жерімді ағаларыңның озаты ретінде саған арнап қалдырамын, — деді. Рубен, сен тұңғышымсың, менің күшімсің,Һәм күш-қуатымның алғашқы белгісісің!Сен құрметтеліп, билік жүргізуге лайықсың, Бірақ тасыған судай шектен тыс астың:Сен әкеңнің төсегін аттап, арамдадың,Содан тұңғыштық жолыңнан айырылдың!
Выбор основного перевода