Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Төменде исраилдік әулет басшылары, мыңбасылар, жүзбасылар және олардың басқарушыларының тізімі берілген. Бұлар әр жылда кезектесіп, бір айдан қызмет етіп шығатын жасақ бөлімдеріне басшылық ететін. Осылай олар сол жасақ бөлімдеріне байланысты күллі міндеттерін атқарып патшаға қызмет көрсететін. Әрбір жасақ бөлімі жиырма төрт мың сарбазды қамтитын. Патшаның Иерусалимдегі қоймаларын Адиел ұлы Азмаует, ал басқа қалалар мен елді мекендердегі және бақылау мұнараларындағы қоймаларын Ұзиях ұлы Жонатан басқаратын. Патшаның егістік жерлерін өңдеумен айналысатын шаруалардың басқарушысы Хелуб ұлы Езра болатын. Оның жүзім бақтарын рамақтық Шимей, ал шарап қоймаларын шефамдық Забди басқаратын. Батыстағы төменгі қыраттарда зәйтүн және тұт ағаштарын өсірумен айналысушыларға гедерлік Бал-Ханан басшылық ететін, ал зәйтүн майы сақталатын қоймалардың басқарушысы Жоғас болатын. Шарондық Шитрай Шаронның маңында жайылатын мүйізді ірі қара малды басқаратын, ал Адлай ұлы Шапат аңғарлардағы мүйізді ірі қара малды бағушылардың үстінен қарайтын. Түйе өсіруді ысмағұлдық Обил, есек өсіруді мероноттық Едиях, ал қой-ешкілерді өсіруді ажарлық Жазиз басқаратын.Осылардың бәрі Дәуіт патшаның мал-мүлкін қарайтын қызметкерлері болды. Бірде Дәуіт Исраил елінің барлық әміршілерін Иерусалимге жинады. Патша, сондай-ақ, елдің рубасыларын, өзінің қызметіндегі жасақ бөлімдерінің қолбасшыларын, мыңбасылары мен жүзбасыларын, патша мен патшазадалардың мал-мүлкін әрі патшалық сарайды басқаратын қызметкерлерін, батырларын және бүкіл басқа да мансап иелерін шақыртып алды.
1. Паралипоменон
Выбор основного перевода