Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Оның Өзі саған ақыл-парасат сыйлай көрсін! Осылайша Ол сені Исраилдің басқарушысы еткенде, Құдай Иеңнің Таурат заңын сақтайсың. Сонда сен Жаратқан Иенің Мұса арқылы Исраил халқына берген ережелері мен шешімдерін мұқият орындауға тырыссаң, табысқа жетесің. Қайратты да батыл бол! Еш нәрседен қорқып, түңілме! Ал енді, мен жан сала ұмтылып Жаратқан Иенің киелі үйі үшін жүз мың ат басындай алтын, мың рет мың ат басындай күміс, сансыз көп мөлшерде қола мен темір әрі ағаш пен тас та жинап, дайындап қойдым. Соларға өзің де қосарсың. Ал сен, ұлым Сүлеймен, әкең сиынған Құдайды жақыннан танып-біл! Оған шын жүрегіңнен және бар жан дүниеңмен қызмет ет! Себебі Жаратқан Ие күллі адамдардың жүрегінің түкпір-түкпірлерін тексеріп, олардың барлық ой-ниеттерін түсінеді. Егер Оған бет бұрып сиынатын болсаң, Оны табасың. Ал егер Құдай Иеден бас тартып, елемей кетсең, онда Ол да сенен біржола бас тартады. Содан соң Дәуіт патша бүкіл жиналып тұрған қауымға былай деді: «Құдайдың бірден-бір таңдаулысы — (ізімді басатын) ұлым Сүлеймен әлі де бұғанасы қатпаған жас. Ал жасалатын іс орасан зор. Себебі осы ғимарат адамға емес, Құдай Иеге арналып салынбақ! Қолымдағы барыммен өзімнің сиынатын Құдайымның киелі үйіне қажет заттарды дайындап қойдым. Түрлі бұйымдар үшін алтын, күміс, қола, темір, ағаш дайын. Сонымен қатар көмкерілген әшекейлерге арнап оникс және басқа да әдемі, түрлі түсті тастарды, асыл тастардың алуан түрлерін және көп мөлшерде мәрмәр тасын жинап қойдым. (Сүлейменнің жыры.)Уа, Құдай, патшаңа әділ шешімдер сыйлай гөр,Патшаның ұлына да әділдікті үйрете гөр,
1. Паралипоменон
Выбор основного перевода