Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Леуіліктердің шыққан әулеттері бойынша түгенделіп саналғандар мыналар: Герсоннан герсондықтар, Қахаттан қахаттықтар, Мерариден мерариліктер тарады. Леуінің ұлдары: Герсон, Қахат, Мерари. Сонымен Леуінің ұлдары Герсон, Қахат, Мерари болды. Патша әкесі Дәуіт марқұмның нұсқауларына сәйкес діни қызметкерлерге топ кезектері бойынша міндеттерін жүктеді. Ол өзге леуіліктерге мадақтау қызметін жүргізуді және күнделікті мұқтаждық бойынша діни қызметкерлерге көмектесуді тапсырды және қақпашыларды өз топтарына сай ғибадатхананың әр қақпасына бекітіп қойды. Патша осының бәрін Құдайдың таңдаған адамы Дәуіттің қалдырған нұсқауларына сәйкес істеді. Бұдан кейін діни қызметкер Еходай діни қызметкерлер мен леуіліктерге Жаратқан Иенің киелі үйін қарауды міндеттеді. Ежелде Дәуіт патша оларға Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қызметтерді үлестіріп берген еді. Олар Мұса арқылы тапсырылған Таурат заңы бойынша шалынып, өртелетін құрбандықтарды ұсынуға да, Дәуіт патшаның қалдырып кеткен нұсқауына сай қуанышты ән-жыр айтуға да міндетті болды. Ол леуіліктерге даңғыра, шертер, жетіген аспаптарын беріп, оларды Жаратқан Иенің ғибадатханасына тұрғызып қойды. Езекияның бұл істегені Дәуіт патшаның берген нұсқауларына, әрі Дәуітке Құдайдың хабарын жеткізген Ғад пен Натан пайғамбарлардың Жаратқан Иеден алған нұсқауларына сай болды. топтарыңа бөлінген отбасыларың Дәуіт патша мен оның ұлы Сүлейменнің леуіліктерге қалдырып кеткен жазбаларына сай міндеттеріңді кезекпен атқаруға даяр болыңдар.
Выбор основного перевода