Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Нан тартуларын үстелге қойып отыр, олар ұдайы Менің алдымда болсын. Егер сенің алып келген астық тартуың тандырда жабылған нан болса, ол зәйтүн майы араластырылған таңдаулы бидай ұнынан ашытқысыз дайындалған пәтір нан немесе ашытқысыз пісіріліп, зәйтүн майы жағылған жұқа нан болсын. Егер тартуың жалпақ табада пісірілген астық тартуы болса, ол зәйтүн майы араластырылған таңдаулы бидай ұнынан ашытқысыз дайындалған болсын. Оны үзіп, үстіне зәйтүн майын құй. Бұл — астық тартуының бір түрі. Егер тартуың шұңғыл табада пісірілген астық тартуы болса, ол да таңдаулы бидай ұны мен зәйтүн майынан дайындалған болсын. — Діни қызметкер май жағу рәсімі арқылы тағайындалған күні Һарон мен оның ұлдары (Маған) Жаратқан Иеге мына астық тартуын ұсынулары керек: пұттың оннан бір бөлігіндей мөлшердегі таңдаулы бидай ұнын. Бұл күн сайынғы астық тартуы болады. Оның жартысын олар таңертең, қалған жартысын кешке ұсынулары керек. Сол ұнды зәйтүн майымен жақсылап араластырып, жалпақ табада пісіріп, үзіп-үзіп астық тартуы ретінде Жаратқан Иеге ұсыну қажет. Бұл Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды сый-тарту болады. Егер адам Жаратқан Иеге шүкіршілік ету үшін бір құрбандық әкелсе, онда ол сонымен бірге зәйтүн майы қосылған ашымаған нандар, ашымаған әрі майланған пәтір нандар және таңдаулы бидай ұнынан маймен жақсылап араластырылып пісірілген нандарды да қоса тартуы керек. Ұзындық, салмақ, көлем өлшегенде әділетсіздік жасамаңдар! Жаратқан Иеге бағышталған Құтқарылу мейрамын бірінші айдың он төртінші күнінің кеш батқан кезінен бастаңдар. Осы айдың он бесінші күні Жаратқан Иенің Ашымаған нан мейрамы басталады. Сол күннен бастап жеті күн бойы тек ашытқысыз пісірілген нан жеңдер! Мейрамның бірінші күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Еңбектеніп жұмыс жасамаңдар! Жеті күн бойы Жаратқан Иеге құрбандық-тартулар әкеліп, өртеп ұсыныңдар. Ал жетінші күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Еңбектеніп жұмыс жасамаңдар! Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деді: Таңдаулы бидай ұнынан он екі күлше пісір. Олардың әрқайсысына пұттың оннан екісіндей мөлшерде ұн қолдан. Нанды Жаратқан Иенің алдындағы саф алтын үстелдің үстіне, алты-алтыдан екі қатар етіп қой. Әр қатарға таза да хош иісті шайырды қой. Осы хош иісті шайыр кейін Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын естелік іспетті нанның орнын басады. Бұл күлшелерді Һарон Жаратқан Иенің алдына әр сенбі сайын қоятын болсын. Мұны ол Исраил халқының атынан мәңгілік Келісімге сай істеуге тиіс.
Выбор основного перевода