Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
ол былай деп бұйырды:— Патша нөкерлерін ертіп алыңдар! Ұлым Сүлейменді өзімнің қашырыма мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап алып барыңдар. Сол жерде діни қызметкер Садық пен Натан пайғамбар екеуің оны май жағу рәсімінен өткізіп Исраилдің патшасы етіп тағайындаңдар! Мұнан кейін кернейлеріңді тартып, «Сүлеймен патша жасасын!» деп дауыстап жар салыңдар! Содан оған еріп өрлеп қайтып келіңдер. Ол сарайыма кіріп, менің тағыма отырып, өзімнің орныма патшалық құратын болсын. Мен оған Исраил мен Яһуданың үстінен басшы болуды өсиеттедім. — Сонда Еходай ұлы Бенаях патшаға:— Аумин. Патша иемнің Құдайы Жаратқан Иенің дегені болсын! Жаратқан Ие патша иеме жар болғандай, Ол Сүлейменге де жар бола берсін! Оның тағын патша ием Дәуіттің тағынан да жоғары қыла көрсін! — деп жауап берді. Содан соң діни қызметкер Садық, Натан пайғамбар, Еходай ұлы Бенаях және кереттік, пелеттік ұлан бөлімдері Сүлейменді патшаның қашырына мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап ертіп алып барды. Діни қызметкер Садық киелі шатырдан зәйтүн майына толған мүйіз құтыны алып келіп, Сүлейменге май жағу рәсімін жасап, оны патша етіп тағайындады. Кернейшілер керней тартып, сол жердегі күллі халық: «Сүлеймен патша жасасын!» — деп жар салды. Өзі маған көптеп сыйлаған ұлдарымның бәрінің ішінен Жаратқан Ие Исраил патшалығының тағына отыруға ұлым Сүлейменді таңдап алды. Олар сол күні Жаратқан Иенің алдында ішіп-жеп, зор қуанышқа бөленді.Содан соң жамағат Дәуіттің ұлы Сүлейменді патша деп екінші рет жариялады. Оны Жаратқан Иенің алдында басшы ретінде, ал Садықты діни қызметкер ретінде бекітіп, екеуіне де май жағу рәсімін жасады. Дәуіт көп жасап, өмір, байлық және құрмет-даңқтың қызығын көрген соң, дүние салды. Оның ұлы Сүлеймен орнын басып патша болды.
Выбор основного перевода