Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Нөкерлер Дәуітке осы шартты білдіргенде, ол патшаның қызына үйленуді дұрыс көрді. Белгіленген күндер өтпей жатып, Дәуіт қарауындағы адамдарымен жорыққа аттанып, екі жүз філістірді өлтірді. Қызына үйлену үшін Дәуіт патшаға батырлық ісінің дәлелдерін түгелдей алып келіп берді. Сонда Саул оған қызы Михолды қосты. Дәуіт оған жауап беріп:— Жақсы! Бірақ келісім жасамас бұрын менің бір шартымды орында. Менімен жүздесуге келгеніңде, өзіңмен бірге Саул қызы Михолды ала кел! Әйтпесе көзіме көрінбе! — деді. Дәуіт Саул ұлы Ишбосетке де елшілерін жіберіп, оған: «Маған өз әйелім Михолды қайтарып беріңіз. Оны алу үшін мен (қалыңмалдың орнына) жүз філістірдің көзін құртқан болатынмын», — деген талап қойды. Содан Ишбосет адам жіберіп, Михолды Лаиш ұлы Палтиел есімді күйеуінен алғызды. Күйеуі көз жасын төгіп зар жылап Бахуримге дейін артынан қалмай еріп келді. Сол жерде Әбенир оған кездесіп: «Үйіңе қайт!» — деп бұйырды. Сонда ғана ол үйіне қайта оралды. Ғалимның халқы, айқайла! Құлақ салыңдар, Лайша мен шарасыз Анатоттың тұрғындары!
Выбор основного перевода