Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер қуана той тойлағанда, белгіленген мейрамдарыңды өткізген уақыттарыңда, әр айдың бірінші күні, түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтарыңды ұсынған кездеріңде де, кернейлеріңді тартыңдар! Сонда Мен сендерді ерекше ескеретін боламын. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін». Әр айдың бірінші күні Жаратқан Иеге арналған шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық ретінде екі жас бұқа, бір қошқар, бір жасар жеті тоқты шалыңдар. Олардың барлығы да мінсіз болсын. Жонатан оны сақтандырып:— Әкем сені өлтіруге тырысып жүр! Ертең таңертең сақ бол. Жасырын жерге тығылып, сонда қал. Мен де әкеммен бірге сол жақтағы далаға шығып, онымен сен туралы сөйлесемін. Оның ойын біліп алып, кейін саған айтып беремін, — деді. Бұдан кейін ол былай деді:— Ертең айдың бірінші күніне арнап жиналамыз. Сонда орның бос болғандықтан сені сұрайтын болады.
Выбор основного перевода