Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Жаратқан Иенің Рухы Саулды тастап кеткен еді. Содан бастап Тәңір Ие жіберген бір қинайтын рух Саулдың үрейін ұшырып қорқытатын болды. Қызметкерлері Саулға:— Қараңыз, сізді Құдай жіберген бір қинайтын рух қорқытып жүр. Ендеше, тақсыр иеміз, алдыңыздағы қызметкерлеріңізге домбыраны шебер тартатын біреуді тауып алып келуге әмір ете көріңіз. Қинайтын рух сізге қонған кезде әлгі адам домбыра тартсын. Сонда өзіңізді жақсы сезінер едіңіз, — деген ұсыныс жасады.
Выбор основного перевода