Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Безекте олар Адони-Безек есімді патшаға тап болып, онымен шайқасты. Сонда қанахандықтар мен перездіктер ойсырай жеңілді. Құдай халқының жиналысына бүкіл басшылар және Исраилдің барлық рулары — семсер асынған төрт жүз мың жаяу жасақшы қатысты. Сол күні буняминдіктер Гибея қаласының тұрғындарының таңдаулы жеті жүз жасақшысын қоспағанда, өздерінің басқа қалаларынан семсер асынып келгендерден жиырма алты мың адамды жинады. Олардың арасында жеті жүз таңдаулы адам солақай болатын. Бұлардың әрқайсысы сақпанмен атқан тасы тимей қоймайтын қас мергендер еді. Ал исраилдіктер болса, Бунямин руын есептемегенде төрт жүз мың семсер асынған адамды түгендеп санады. Олардың барлығы да тәжірибелі сарбаздар болатын. Жоғаб патшаға халық санағының мына қорытындысын баяндады: Семсер ұстауға жарамды мықты адамдардың саны Солтүстік Исраилде сегіз жүз мың, Яһудада бес жүз мың адам болды.
Выбор основного перевода