Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Царств
Параллельные места
Дәуіттің філістірге қарсы шыққанын бақылап тұрған Саул қолбасшысынан:— Әбенир, мына жас жігіт кімнің баласы? — деп сұраған болатын. Әбенир:— Патшам, нағыз шындықты айтайын: бұл туралы тіпті білмейді екенмін! — деп жауап бергенде, Бірақ Дәуіт ант етіп былай деді:— Сенің маған оң көзбен қарап келгеніңді әкең жақсы біледі. Сол себепті ол: «Жонатанға бұны білдірмей-ақ қояйын, әйтпесе ренжіп жүрер» деп ойлайды. Алайда мәңгі тірі Жаратқан Иенің және сенің алдыңда шын айтамын: мені ажалдан ажыратып тұрған бір-ақ қадам. — Ал Ұрия жауап қайтарып:— Келісім сандығы және Исраил мен Яһуда әскері шатырларда тұр. Жоғаб төрем және патша иемнің қызметшілері ашық далада түнеп жүр. Сонда мен үйіме барып, ішіп-жеп, әйеліммен бірге бола аламын ба? Сіздің алдыңызда шын айтамын: мен мұндай нәрсені істемеймін! — деп ант етті. Ілияс Елішеге:— Қалшы осы жерде, Жаратқан Ие мені Бетелге жіберіп отыр, — деді. Бірақ Еліше:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында және сіздің алдыңызда шын айтамын: Мен сізді еш тастамаймын! — деп жауап қайтарды. Содан екеуі Бетелге ылдилап барды. Бірақ баланың шешесі пайғамбарға: «Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында, сіздің де алдыңызда шын айтамын: Мен сіздің қасыңыздан кетпеймін!» — деп қоймады. Сонда пайғамбар әйелмен бірге жүретін болды.
Выбор основного перевода