Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Осыны іске асырыңдар, себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр. Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық! кейбіреулер «Иеміз Мәсіхтің келетін күні болып қалған екен» деген лақапты таратса, сендер бірден абыржып, қорқып қалмаңдар! Олар осы жайлы аян көрдік, не (Құдайдан) хабар жетті, не бізден хат алдық десе де, бәрібір иланбаңдар! Сендер де сабырмен күтіп, жүректерің мызғымас табанды болсын. Өйткені Иеміз жуырда қайтып келмек. Сотталмауларың үшін, бауырластарым, бір-біріңнің үстеріңнен шағым айтпаңдар. Үкім шығаратын Иеміздің жуырда қайта оралатынын білесіңдер ғой. Ол есік алдына келіп қалғандай жақын. Сонымен, ақыл-ойларыңды іс-әрекетке дайын ұстауға бел буыңдар! Сергек болып, Иса Мәсіх салтанатпен қайтып келгенде көрсететін рақымға толығынан үміт артыңдар!
Выбор основного перевода