Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Жоқ, олай істеуге болмайды! Өлген адам күнә жасамайды ғой. Біз (сенушілер) де сол өлген адамдай күнәға жоқ болдық. Қалайша бұдан былай күнә жасап өмір сүрмекпіз?! Өйткені адам өлгенде күнәнің билігінен босатылады. Сонымен қатар Иса Мәсіхтікі болғандар айқыш ағашта өлген Онымен бірігіп кетті. Сол себептен олар өздерінің ескі күнәкар болмыстарын және соның азғын құмарлықтары мен тілектерін сол айқыш ағашқа шегелеп тастағандай таза өмір сүреді. Мәсіх те әділ бола тұра, әділетсіздер үшін азап шекті. Ол бізді Құдаймен табыстыру үшін күнәларымызға бола біржола құрбан болды. Сонда Мәсіх тәнінде өлтірілді, ал рухани денемен қайта тірілді.
Выбор основного перевода