Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Күнәкар дүние сендерді жек көрсе, оның сендерден бұрын Мені жек көргенін біліңдер. Ол бізге халыққа: «Құдайдың тірілер мен өлілерді соттауға тағайындаған Кісісі — Сол!» — деп жариялап, куәлік келтіруге әмір етті. Мәсіх бәрінің де: өлгендер мен тірілердің Иесі болуы үшін жанын құрбан етіп, қайта тірілді. Олай болса, мұндай ережелерді орындамайтын бауырласыңды айыптауға қандай қақың бар? Немесе оларды орындап жүрген бауырласыңа менсінбей қарауға қандай қақың бар? Бәріміз де Құдайдың қиямет сотының алдында тұрып, әшкереленетін боламыз. Құдай (Әке) алдында және қайтып келіп көрініп, Патшалық құрғанда тіріні де, өлгенді де соттайтын Иса Мәсіх алдында саған мықтап ескертемін: Ар-ұждандарыңды таза ұстаңдар, сонда Мәсіх жолындағы сендердің ізгі жүріс-тұрыстарың туралы жаман айтып айыптағандар өздерінің айтқандарынан ұялатын болсын.
Выбор основного перевода