Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Мен адамдардың түрлі тілдеріндеЖәне періштелердің тілдеріндеЖатық та мүдірмей сөйлей білсем де,Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,Сөздерім сыңғырлаған қоңырауғаӘрі шылдырлаған асатаяққаҰқсап мәнсіз боп қалады сонда. Мен Құдайдың хабарларын жеткізсем,Күллі құпия-сырларды да білсем,Әр түрлі білімді иемденсем,Тау қозғайтындай сенімге кенелсем,Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,Түкке де тұрмаймын мен онда. Мәсіх сенімдерің арқылы жүректеріңе орныға көрсін, адам санасы жетпейтін осы сүйіспеншілікті танып білсеңдер екен. Сол арқылы Құдайдың рухани қасиеттері бойларыңа толықтай дари берсін! Ең бастысы, бір-біріңді шынайы сүйіңдер, сондай сүйіспеншілік адамдардың көптеген күнәларын кешіреді.
Выбор основного перевода