Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Бауырластарым, мен сендерге келіп, алдарыңда бөтен тілде сөйлей берсем, бірақ не Құдай ашқан құпия, не білім, не Құдайдың хабары, не тәлім арқылы түсінік бермесем, онда сендерге менен қандай пайда? Мысалы, жансыз күй аспаптары — сыбызғы не жетіген анық дыбыс шығармаса, қандай күйдің ойналғанын қайдан білеміз? Егер керней белгілі әуенді тартпаса, кім шайқасқа дайындалмақ? Дәл сол сияқты, сендер өз тілдеріңде Құдайдың хабарын түсінікті қылып айтпасаңдар, тыңдаушылар не туралы айтқандарыңды қайдан білмек? Сөздеріңнің желмен ұшып кеткені ғой.
Выбор основного перевода