Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Өшпенділік араздық туғызар,Сүйіспеншілік бар күнәні жабар. Сонда Петір Исаның қасына жақындап:— Мырза, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе? — деп сұрады. Иса:— Саған айтамын: жеті емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін, — деп жауап берді. Сенімі берік біздер күмәнданғандардың Таурат заңына сәйкес іс-әрекеттеріне төзіп, оларға көмектесуге тиіспіз. Тек өзімізге ұнайтынды ғана емес, Басқалардың бұған қақысы болса, біз одан бетер қақылы емеспіз бе?Алайда осындай хақымыз бола тұра, оны пайдаланған емеспіз. Қайта, біз Мәсіх туралы Ізгі хабардың таралуына кедергі жасамау үшін әр түрлі қиыншылықтарға шыдап келеміз.
Выбор основного перевода