Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Құдай емес мүсіндерге табынды,Осылай қызғанышымды тұтандырды,Тәңірсымақтарымен Мені қаһарландырды.Сонда Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылыОлардың қызғаныштарын тұтандырамын,Иә, өздері түсінігі жоқ деп санайтынӨзге халықпен оларды ашуландырамын! Тәңір Иенің даналығы терең, құдіреті ғаламат зор. Оған қарсы шығып, содан аман қалған кім бар? Әлемде бар нәрсенің бәрі әлдеқашан-ақ шешілген. Адамның қандай болатыны да баяғыда-ақ белгіленіп қойылған. Пенде өзінен құдіретті Құдаймен (өз тағдыры туралы) таласа алмайды. Өзін жаратқан Құдайды сынап, шағым айтқан пенде қасіретке қалады! Ол саздан жасалған ыдыстың сынығына ұқсайды. Әлде саз балшықтың құмырашыны: «Не істеп отырсың?» — деп сынауына бола ма? Немесе өзің жасап жатқан бұйымыңның сен туралы: «Қолынан түк келмейді», — деп наразылық білдіруіне қақысы бар ма?!
Выбор основного перевода