Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сол кезде Жаратқан Ие Мысырды қырғынға ұшырату үшін бүкіл елді аралап жүрмек. Сонда Ол жақтаулары мен маңдайшаларына жағылған қанды көріп, сендердің есіктеріңнің қасынан өтіп кетеді де, құртушының үйлеріңе кіріп, өлтіруіне жол бермейді. Барлық исраилдіктер Мұса мен Һаронға наразыланып, бүкіл қауым болып: «Бізге баяғыда-ақ Мысыр елінде өлгеніміз жақсы болған болар еді! Немесе осы елсіз далада өлген болсақ қой! — деп күңкілдесті. Ал Мұсаның елді барлауға жіберген және сол ел туралы халыққа жаман хабар таратып, бүкіл жамағаттың Жаратқан Иеге наразы болуына түрткі салған адамдары Шатырларында Оған қарсы күңкілдеді,Жаратқанның даусына құлақ түрмеді. Сонда Ол қол көтеріп оларға ант берді:«Айдалада құритын боласыңдар! — деді, — Халықтар арасында ұрпақтарың өледі,Жат жерлерге олар шашырайды!» — деп шешті.
Выбор основного перевода