Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Олар тамақ ішіп отырғанда, Иса қолына нан алып, шүкірлік етіп бата берді. Нанды үзіп, шәкірттеріне беріп жатып:— Алып жеңдер, бұл — Менің денем, — деді. Иса тостағанды да алып, шүкірлік етті. Оларға соны беріп жатып, былай деді:— Мынадан бәрің де ішіңдер. Өйткені бұл — күнәлары кешірілсін деп көптеген адамдар үшін төгіліп, (Жаңа) Келісімді бекітетін Менің қаным. Олар тамақ ішіп отырғанда, Иса қолына нан алып, шүкірлік етіп бата берді. Нанды үзіп, шәкірттеріне беріп жатып:— Алып жеңдер, бұл — Менің денем, — деді. Иса тостағанды да алып, шүкірлік етіп, оларға берді. Одан бәрі де ішті. Иса оларға:— Бұл — көптеген адамдар үшін төгіліп, (Жаңа) Келісімді бекітетін Менің қаным. Содан кейін Иса қолына нан алып, шүкірлік етті. Нанды үзіп, оларға беріп жатып:— Бұл — сендер үшін құрбандыққа берілмек денем. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер! — деді. Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып:— Мына тостаған — сендер үшін төгілмек қаныммен бекітілген Жаңа Келісім, — деді.
Выбор основного перевода