Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Құдайдың нөкерлері бір күні (көкте) Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан да олармен бірге келді. Желді етесің періштелеріңдей,От жалынын да өз нөкерлеріңдей. Мен Еламға желдің барлық бағыттарынан жауларын келтіріп, оның халқын барлық жақтарға шашыратып жіберемін. Сонда Елам халқы қашып бармаған ешбір ел болмайды. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Пендем, тіршілік лебіне Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, тіршілік лебі, желдің соғатын төрт бағытынан кел де, мына өлтірілгендерге лебіңді үрлеп, жан бітіре гөр!» Тақта Отырғанның алдынан отты өзен шығып, ағып жатты. Сан мыңдаған нөкерлер Оған қызмет етіп, он мыңдаған түмендер Оның еркін орындауға дайын тұрды. Бүкіл сот тақтарына отырып, арнайы кітаптар ашылды. Сонда ол маған:— Құдай осы екеуін Өзіне, бүкіл жер бетінің Иесіне, қызмет етуге май жағу рәсімінен өткізіп тағайындап қойған, — деді. Мен кернейдің зор үнімен періштелерімді жіберіп, олар аспанның о шетінен бұ шетіне дейін, дүниенің төрт бұрышынан Менің таңдап алған адамдарымды жинап әкелетін болады. Періштелер жайлы (Забурда) мына тәрізді сөздер айтылған: Ол желдей етеді періштелерін, от жалынындай да өз нөкерлерін. Мұнан кейін мен дүниенің төрт бұрышында тұрып, жер бетіне, теңізге және ағаштарға ешқандай жел соға алмастай етіп жердің төрт желін тұсаулап ұстаған төрт періштені көрдім.
Выбор основного перевода