Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Захария
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
(Мен көрген көріністе) әлгі хабаршы мені киелі үйдің кіреберісіне қайтадан алып барды. Міне, киелі үйдің табалдырығының астынан су шығып ағып жатыр екен! Су шығысқа қарай ағып жатты, өйткені киелі үй шығыс жаққа қарай орналасқан. Содан бұлақ үйдің және құрбандық үстелінің оңтүстік жағынан өтіп шықты. Мұнан кейін хабаршы мені Солтүстік қақпа ғимараты арқылы алып шықты да, сырт жақпен айналып барып, шығысқа қарап тұрған сыртқы қақпаға апарды. Міне, су ағыны қақпаның оңтүстік жағынан өтіп ағып жатты. Әлгі хабаршы мені ертіп алып, қолындағы өлшеуіш жібімен су ағынының бойымен шығысқа қарай жүрді де, мың шынтақ қашықтықты өлшеді. Сол жерде мені су ағынынан өткізді. Су толарсағымнан келді. Хабаршы тағы бір мың шынтақты өлшеп алды да, мені тіземнен келіп тұрған ағынды судан өткізді. Ол қайтадан бір мың шынтақты өлшеп алып, енді мені белуардан келетін судан өткізді. Хабаршы тағы бір мың шынтақты өлшегенде, ендігі су ағыны мен кешіп өте алмайтындай терең болды. Өйткені су көтеріліп, адам жүзіп өтпесе, кешіп өте алмайтын тасқынды өзенге айналыпты. Хабаршы менен: «Пенде, мынаны байқап тұрсың ба?» — деп сұрады.Мұнан кейін мені қайтадан өзеннің жағасына ертіп шығарды. Мен сол жерге қайтып келгенде, міне, өзеннің екі жағында да көптеген ағаштардың өсіп тұрғанын көрдім. Хабаршы маған былай деп түсіндірді: «Мына су шығыс жаққа қарай ағып, Иордан өзенінің алқабына құлдилайды да, сол жерде Өлі теңізге құяды. Өзен суы сол теңізге құйған бойда, оның суы тұщы болып шыға келеді. Солтүстіктен баса-көктеп келген әскерді сендерден аластатамын. Оны басы шығыстағы Өлі теңізден басталып, аяғы батыстағы Жерорта теңізімен аяқталатын қылып, қуаңшылық басқан, қаңыраған бос елге жіберемін. Сол жерде шіріп сасып, олардан жағымсыз сасық иіс тарайтын болады. Себебі олардың істегендері ғаламат жауыздық болатын! Иса:— Егер Құдайдың өзіңе не сыйлағысы келгенін және су сұраған Адамның кім екенін білсең, сен Оның Өзінен су сұрар едің. Сонда Ол саған «өмір суын» берер еді, — деп жауап қатты. Періште маған Құдай мен Тоқтының тағынан бастау алған мөлдір тастай жылтылдаған өмір суының өзенін де көрсетті.
Захария
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Выбор основного перевода