Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Захария
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Содан соң Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты қаланың ішінен көтеріліп, оның шығысындағы таудың үстіне барып тоқтады. «Қараңдар! Жаратқан Ие Өзінің көктегі тұрағынан шығып, төмен түсіп келіп, жердің биіктеу орындарын басып таптайды. Сонда таулар Оның табанының астында отқа еріген балауыздай балқып, аңғарлар қақ айырылады. Жартастар су іспетті тау баурайынан ылдилап ағып жатады. Құдай тұра қалып, жерді сілкіндірді,Ол қарағанда халықтар дірілдеді.Ежелгі таулар опырылып құлады,Атам заманғы төбелер шөгіп қалды.Мәңгілік — Киелі Құдайдың жолдары! Содан кейін елшілер бір шақырым жердегі Зәйтүн тауы деген төбеден Иерусалимге қайта оралды.
Захария
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Выбор основного перевода