Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Қиындық көргеніңде шақыр Мені,Сонда құтқарып аламын сені,Ал өзің мадақтайтын боласың Мені». оның әйгілі ормандары мен құнарлы бау-бақшаларын түгелдей жалмап жояды. Сонымен қатар Ассурдың даңқты әскері де қатты ауырған адамдай әлсірей береді. Сонда жас баланың өзі-ақ санап шыға алатындай біразы ғана аман қалады. Сол кезде Исраил халқының тірі қалғандары өздерін талқандап, жойған одақтастарына енді қайтып сүйенбейтін болады. Керісінше, олар бұдан былай сенімдерін шын жүректен Жаратқан Иеге, Исраилдің Киелі Құдайына, артады. Бұрынғыдай үбірлі-шүбірлі болып, қауымы Менің алдымда нығаяды. Мен оларға қысым көрсеткендердің бәрін жазалаймын. Сонда олар Менің ережелерімді ұстанып, заңдарыма бағынып соларды орындайтын болады. Олар Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын. Оның Бағалдың мүсіндеріне арнап хош иісті зат түтеткен, сырғалары мен алқаларын тағып жасанып, ашыналарына ерген, ал Өзімді ұмытқан күндеріне бола енді осы халыққа назар аударып, оны жазалаймын». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. «Мен Яһуда халқын күшейтіп, Жүсіптің үрім-бұтағын да құтқарамын. Мен оларға мейірбандық танытып оларды елге қайтарып алып келемін. Сонда олар Мен өздерінен ешқашан бас тартпағандай болады. Мен олардың Құдайы Жаратқан Иемін ғой, Мен оларға құлақ саламын. Бірақ Оның келетін сол күніне кім төзе алады? Ол келіп, ашық көрінген күні кім берік тұра алатын болады? Себебі Ол күмісті балқытып тазалайтын зергердің оты әрі мата ағартушының сілтісі сияқты әрекет етпек. Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады. Ал кімдікі өртеніп кетсе, сол сыйынан құр қалады. Өзі құтқарылса да, жаны оттан өткендей әзер дегенде құтылады. Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар!
Выбор основного перевода