Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Өздеріңе айтқандарымның бәрін де орындаңдар!Басқа тәңірлерге сиынбаңдар, олардың аттары ауыздарыңнан еш шықпасын! Иерусалимнің пайғамбарларынан да мына қорқынышты іс-әрекетті көрдім: олар азғындыққа салынып, жалғандықтың жолын қуып жүр! Олар зұлым істер істеп жүретіндерді қолдап-қолпаштайды. Сондықтан ешкім күнәсінен бас тартпайды. Діни қызметкерлердің бәрі Маған Содомдай, Иерусалимнің тұрғындары Ғоморадай жексұрын болып кетті». Сол себепті Әлемнің Иесі осы жалған пайғамбарлар туралы мынаны айтады: «Мен оларға азаптың жусандай ащы дәмін татқызып, соттың улы сусынын ішкіземін. Өйткені Иерусалимнің пайғамбарларынан бүкіл елге азғындық таралуда». Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны да айтады: «Мен Мемфис қаласында орналасқан жалған тәңірлердің діңгек тәрізді мүсіндерін құртып, түкке тұрғысыз өзге тәңір бейнелерін де қиратамын. Мысыр елінде енді мысырлық әмірші болмайды. Мен бүкіл Мысыр еліне үрей қаптатамын. Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын. Сендерді барлық арамдықтарыңнан әрі табынып келген тәңірсымақтарыңның бәрінен арылтамын. Осылай сендерді барлық арамдықтарыңнан арылтамын.Мен егінді мол етіп өсіріп шығарамын. Бұдан былай сендерге ашаршылық жібермеймін. Өзіңнің сиқырлық істеріңді құртамын, бұдан былай бал ашатын сәуегейлерің болмайды. Мен араларыңдағы ағаштан ойылған тәңір мүсіндері мен тас бағаналарды қиратып тастаймын. Бұдан былай сендер өз қолдарыңмен жасаған тәңірсымақтарға табынбайтын боласыңдар. (Ол былай дейді:) «Басқа ұлттар үйлерінде табынатын тәңірсымақтардың айтатыны өтірік, бал ашқан сәуегейлердің болжағандары да жалған, көріпкелдер өтірік түс көріп, босқа жұбаныш береді. Осының бәрінен халқым қой сияқты тентіреп кетті, бағушысы болмағандықтан олар азап шегуде.
Выбор основного перевода