Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Олардың әкесін де, баласын да бір-бірімен соқтығыстырып, ешқандай мейірім танытпаймын. Оларды есіркеп-мүсіркемеймін, көздерін құртуға аямаймын, — деп ескертеді Жаратқан Ие». Сондықтан Мен, мәңгі тірі Жаратқан Ие, өз атыммен ант етіп былай деймін: Менің киелі үйімді өздеріңнің жексұрын тәңір мүсіндеріңмен әрі жексұрын салт-дәстүрлеріңмен арамдап тастағандықтан, Мен енді сендерді қырып тастаймын. Сендерге аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Жақыптың үрім-бұтағының тірі қалғандары халықтар арасында тұрып, орман аңдарының ішіндегі арыстандай, қойлардың ішіндегі жас арыстандай қуатты болады. Олар тарпа бас салып, айыра жыртқанда, ешкім араша бола алмайды. Сол күні Жаратқан Ие оларды қатты абыржытып, араларында үрей туғызады. Олар қасында тұрғанды қолынан шап беріп ұстап алып, бір-біріне бас салатын болады.
Выбор основного перевода