Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Кейінгі заманда Жаратқан ИеніңКиелі үйі тұрған Сион тауыБастысы болады бар тау-төбелердің,Бәрінен де оның атақ-даңқыӘлдеқайда жоғары болып қалады.Барлық халықтардың адамдарыСоған қарай ағылатын болады. Сонда Ливан тауындағы зәулім самырсындар, Башан тауындағы күллі емендер шабылады, Өйткені Жаратқан Ие Яһуда патшасының сарайы туралы мынаны айтады: Осы сарай Маған орманды Ғилақад аймағындай, самырсын қаптаған Ливан тауының бастарындай көрінсе де, Мен оны иен далаға, ешкім тұрмайтын бос қалаларға айналдырамын. Оған қарсы құртушыларды жіберемін, әрқайсысы қару-жарағын асынып келеді. Олар сарайдың таңдаулы самырсын тақтайшаларын шапқылап, отқа лақтырады. Ассур патшалығына назар сал! Ол да Ливандағы заңғар биік, төбесі тіпті бұлттарға дейін жететін самырсын іспетті болған еді. Оның көрікті бұтақтары орманды жауып тұратын.
Выбор основного перевода