Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса халыққа былай деді:— Құлдықтың құрсауы — Мысырдан құтылған осы күнді еске алып отырыңдар. Өйткені Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен сол жерден бастап алып шықты. Осы күні ашытқымен дайындалған тамақ жемеңдер! Болашақта балаларың сендерден: «Бұның мағынасы қандай?» деп сұраса, оларға мынаны айтыңдар: «Жаратқан Ие бізді құлдықтың құрсауы — Мысырдан Өзінің құдіретті қолымен азат етіп алды. Қызметшілерің Ыбырайым, Ысқақ, Исраилді есіңе түсіре гөр. Оларға: «Сендердің ұрпақтарыңды аспандағы жұлдыздардай сансыз көбейтіп, Өзім беруге уәде еткен осы жерді сыйлаймын, олар соны мәңгі иемденетін болады» деп өз атыңмен ант берген едің ғой. Алайда Жаратқан Ие ата-бабаларыңды сүюге қатты риза болды және олардан өрбіген сендерді барлық халықтардың арасынан таңдап алды. Міне, содан қазір Оның сүйікті халқысыңдар. Мәңгі есінде сақтайды Ол өз Келісімін,Келер мың буынға да бұйырған өсиеттерін — Ыбырайыммен жасаған Келісімін,Ысқаққа да антпен берген сол уәдесін, Исраилдің патшасы сол күнгі таңда мүлдем құриды!»«Исраил әлі де жас болғанда оны сүйетін едім, Мен рухани ұлымды Мысырдан шақырып алдым.
Выбор основного перевода