Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай әркімге істеріне қарай қайтарып, зұлым қарсыластарына қаһарын төгеді. Сонда Ол тіпті алыстағы елдердегі жауларына да жазаларын тартқызады. Жаратқан Ие — Өзінен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбейтін әрі арам істің қарымтасын қайтаратын Құдай. Ол зұлымдықтарды жазалап, оларға ашуланады. Жаратқан Ие жауларына лайықты жазаларын тартқызып, дұшпандарының қылмыстарын есінен шығармайды. Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!
Выбор основного перевода