Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса халыққа:— Қорықпаңдар! Құдай сендерді (Өзінің араларыңда болуына) үйрету үшін осында келді. Бұдан былай Оны әрдайым шын жүректен қастерлейтін болыңдар! Бұларың сендерді күнә жасаудан сақтайтын болады, — деді. Ал енді, уа, Исраил, Құдай Иең сенен нені талап етеді? Тек мыналарды ғана: Құдай Иеңді терең қастерлеп, Оның жолымен ғана жүруіңді, Оны сүйіп, шын жүректен және бүкіл жан дүниеңмен Оған қызмет етуіңді, әрі Жаратқан Иенің өсиеттері мен ережелерін жүзеге асыруыңды. Бұларды бүгін сендерге өз игіліктерің үшін тапсырып отырмын. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Иені қастерлейтін,Оның жолдарымен жүретінӘрбір адам қандай бақытты! Ал енді, айтылғандардың барлығының қорытындысын тыңдайық: Құдайды терең қастерлеп, Оның өсиеттерін орында! Себебі бұл — әр адамның парызы.
Выбор основного перевода