Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Үшінші күні таң ата күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, ғаламат қатты керней даусы естілді. Қоныстағы халықтың бәрі де қорыққаннан дірілдеп қоя берді. Бүкіл халық найзағайдың жарқылдап, түтіннің тауды қаптағанын көріп, күннің күркіреп, кернейдің қатты дауыстағанын естіп тұрды. Содан олар зәрелері ұша дірілдеп кетті. Халық алыстан тұрып, Содан халық алыста қалып, ал Мұса Құдай тұрған қою қараңғылыққа қарай беттеді. Онда Таурат заңының атқаратын қызметі қандай? Ол күнәларды әшкерелеу үшін қосымша ретінде берілді. Тәңірдің уәдесі Ыбырайымның Ұрпағы Мәсіхке байланысты; Ол келгенше, Таурат заңы күшінде тұрды. Періштелер мұны халыққа арада жүрген Мұса пайғамбар арқылы жеткізген еді.
Выбор основного перевода