Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: «Таудың басына көтеріліп, осы жерде бол. Мен саған халыққа үйрету үшін Өзім ережелерім мен өсиеттерімді жазған тас тақташаларды беремін». Жаратқан Ие Синай тауының басында Мұсаға арнаған сөзін бітіргеннен кейін оған өз қолымен Келісімнің ережелерін жазған екі тас тақташаны табыс етті. Сендер тауға жақындап келіп, оның етегінде тұрдыңдар. Ал жанып жатқан таудың жалыны тіпті аспанға дейін жетіп, үстін қара бұлт пен түнек басып жатқан болатын. Жаратқан Ие сендерге Өзінің Келісімін жариялап, орындауға бұйырған Он өсиетін айтты да, оларды екі тас тақташаға жазып берді.
Выбор основного перевода