Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен қатар, Жаратқан Ие сендерді барлық халықтардың арасына шашыратып, жер бетінің бір шетінен келесі шетіне дейін бытыратып жібереді. Сол жерлерде сендер өздерің де, ата-бабаларың да еш білмеген бөгде тәңірлерге: ағаштан, тастан жасалған тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Ие тұтқындарды СионғаҚайтарып алып келген уақытындаҰқсадық түс көріп жатқан адамға, Шөлдегі кеуіп қалған өзендердіЛезде-ақ суға толтыратының секілді,Уа, Жаратқан Ие, игіліктеріміздіБіздерге қайтадан сыйлай гөр енді. Сонда Мен сендерге Өзімді тапқызамын! — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Иә, Мен сендерді тұтқыннан кері қайтарып, жағдайларыңды бұрынғыдай игілікке кенелтемін. Өзім сендерді жер аудартқан барлық халықтар мен елдерден жинап, осы жерге қайта алып келемін. — Мен халқымды ашу-ыза мен зор қаһарға кенелген кезімде шашыратып жіберген барлық елдерден қайтадан жинап аламын! Оларды тағы да осы жерге әкеліп, қауіп-қатерсіз қоныстандырамын. Сонда халқымды өзге халықтардың арасынан қайтарып алып шығып, бөтен елдерден жинап аламын да, еліне алып келемін. Сонда халқымды Исраилдің қыратты жерінде, оның бұлақтарының маңында және елдің күллі қоныстанған аудандарында бағамын. Бірақ Мен өздерің халықтардың арасында қорлаған ұлы есімімнің қандай киелі екенін көрсетемін! Осылайша Мен халықтардың көз алдында Өзімнің киелілігімді араларыңда көрсеткенімде олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие.
Выбор основного перевода