Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді: — Бойында Менің Рухым бар адам — Нұн ұлы Ешуаны қасыңа ал да, оның үстіне қолыңды қойып бата бер. Ешуаны діни қызметкер Елазардың және бүкіл жамағаттың алдына тұрғызып, олардың көз алдында оған міндетін өсиеттеп тапсыр. Өзіңнің билігіңнің біразын Ешуаға табыста! Осылай Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымы оған бағынатын болсын. Содан ол Ешуаның үстіне қолын қойып бата беріп, оған міндетін өсиеттеп тапсырды. Бұның бәрі Жаратқан Иенің Мұса арқылы білдірген еркі бойынша істелінді. Ал көмекшің Нұн ұлы Ешуа сол елге кіреді. Оны жігерлендіріп отыр, оның басшылығымен исраилдіктер елді иемденетін болады. Сендерді сол өзеннен бастап өткізетін Құдайларың Жаратқан Иенің Өзі. Ол алдарыңдағы жау халықтардың бәрін қырып, сендер осы елді иемденетін боласыңдар. Жаратқан Иенің айтқанындай, Ешуа да сендерді бастап өзеннен өтеді. Бұдан кейін Мұса Ешуаны шақырып алып, бүкіл Исраил халқының алдында оған былай деді: «Қайратты да батыл бол! Себебі сен осы халықты ертіп Жаратқан Ие оларға сыйлауға ата-бабаларына уәде еткен елге кіресің. Сол елді оларға мұралық меншікке үлестіріп беруге тиіссің.
Выбор основного перевода