Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әйелдерің, бала-шағаларың мен мал-мүліктерің Мұсаның өздеріңе Иордан өзенінің бергі бетінде үлестірген осы жерде қала берсін. Бірақ барлық батыл да мықты жауынгерлерің толықтай қару-жарақтанып, бауырлас руларыңның алдында жүріп өзеннен өтсін. Оларға қол ұшын беріңдер! Жаратқан Ие сендерге сыйлағандай, бауырластарыңа да тыныштық сыйлап, Құдайларың Жаратқан Ие табыстап отырған сол елді иемденгенге дейін оларға көмектесіңдер! Содан кейін өз меншікті елдеріңе қайтып келіп, Жаратқан Иенің қызметшісі Мұса өздеріңе Иорданның осы шығыс бетіндегі белгілеп берген жерін иемденіп, қоныстануларыңа болады. Міне, Құдайларың Жаратқан Ие Өзі уәде еткеніндей исраилдік бауырластарыңа тыныштық сыйлады. Енді сендер Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның Иордан өзенінің шығысында үлестіріп берген жерлеріңе қайтуларыңа болады.
Выбор основного перевода