Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бүкіл халық Иордан өзенінің арғы бетіне өтіп болғаннан кейін, Жаратқан Ие Ешуаға тіл қатып былай деді: Сол кезде Ешуа Ебал тауында Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызды. Осыны Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның исраилдіктерге өсиеттеп берген нұсқауына сай істеді. Мұсаның Таурат заңы кітабында жазылғандай, құрбандық үстелі ешқандай темір құралмен өңделмеген бүтін тастардан салынды. Халық оның үстінде Жаратқан Иеге арнап шалынып өртелетін және Онымен қарым-қатынастарына ризашылық білдіретін сый-тартуларын ұсынды. Сол жерде Ешуа исраилдіктердің көз алдында Мұса арқылы берілген Таурат заңын арнайы тастарға көшіріп жазды.
Выбор основного перевода