Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер қасыңдағы исраилдік бауырласыңның біреуі кедейленіп, өздігінен күнін көре алмай қалса, оның бұдан кейін де араларыңда бірге тұра беруі үшін, жат жұрттық пен келімсекке көмектескеніңдей, оған да көмектес. Одан (орынсыз) пайда тауып, өсім алушы да болма, қайта, Құдайды қастерлеп бауырласыңның бұдан былай да араларыңда тұра беруіне жағдай жаса. Оған қарыз бергенде өсім талап етпе, азық-түлікті пайда табу үшін қымбатқа сатпа! Мен сендерге Қанахан елін сыйлап, өз Құдайларың болу үшін сендерді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Егер исраилдік бауырластарыңның бірі кедейленіп, өзін саған басыбайлы қызметшің болуға сатса, оған құл іспетті ауыр жұмыс істетпе. Оған жалдамалы жұмысшыға немесе еліңде тұрып жатқан жат жұрттыққа қарағандай жақсы қара. Ол саған келесі Мереке жылына дейін қызмет етеді. Сол жыл келгенде, оның өзіне және бала-шағасына бас бостандығын бер. Ол өз руына, ата-бабаларына бөлінген мұралық жерге қайтып барады. Исраилдіктер Өзімнің Мысыр елінен алып шыққан қызметшілерім. Оларды құл сияқты сатуға болмайды. Қызметшілеріңе аяусыз, қатал билік жүргізбе, қайта, Құдайыңды терең қастерле! Ал егер Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстап отырған елдегі қалалардың бірінде мұқтаждыққа тап болған бейшара бауырласың болса, онда оған жүректеріңді қасарыстырып, сараңдық көрсетпеңдер! Қайта, оған қолдарың ашық болып, мұқтаждығына қарай қарыз беріңдер. Сақ болыңдар, жүректеріңде залым ой тумасын. «Қарыздар кешірілетін жетінші жыл таяп қалды» деп ойлап, мұқтаждықтағы бауырласыңа көмектесуден бас тартып, мейірімсіздік көрсетпеңдер! Әйтпесе сол адам Жаратқан Иеге шағым айтып, сендер айыпты болып шығасыңдар. Керісінше, оған шын көңілмен, жомарттықпен көмектесіңдер! Осылай істегендерің үшін Құдайларың Жаратқан Ие сендерді қолға алған барлық іс-әрекеттеріңде жарылқайтын болады. Елдеріңде мұқтаждықтағылар болмай қоймайды, сондықтан сендерге: «Елдеріңдегі бауырлас жарлы-жақыбайларға қолдарың әрдайым ашық болсын!» деген өсиетті тапсырып отырмын. Егер бауырлас еркек не әйел басыбайлы қызметшің болуға сатылып, саған алты жыл бойы қызмет етсе, жетінші жылы оған бас бостандығын беріп қоя бер! Оны босатқанда құр қол жіберме. Оған отардағы малыңнан, қоймадағы астығыңнан және жүзім шырыныңнан жомарттықпен бөліп бер. Құдайың Жаратқан Иенің өзіңе төккен жарылқауынан оған да тисін. Өздеріңнің де Мысыр елінде құлдықта жүріп, Құдай Иенің сендерді құтқарып алып шыққанын есіңнен шығарма. Сондықтан да бүгін сендерге осы өсиетті табыстап отырмын. Ал егер қызметшің өзіңді, әрі үй ішіңді жақсы көріп, сендермен бірге тұруды қалап: «Сізден ешқайда кеткім келмейді» десе, онда қолыңа біз ал да, сол бізді қызметшінің сырғалығын тесе есікке қада (да, кейін суырып ал). Сонда ол сенің өмірлік басыбайлы қызметшің болып қалады. Басыбайлы қыз не әйелмен де (оның өтінішіне сәйкес) солай істеуің керек. Ал (осындай уәде бермеген өзге) қызметшіңе бас бостандығын беріп қоя беруді қиынсынба! Ол саған алты жыл бойы тегін қызмет етіп, жалданушыдан гөрі екі есе көп пайда кіргізді ғой. Солай етсең, онда Құдай Иең сені барлық іс-әрекетіңде жарылқайтын болады. «Сондықтан Мен сендерді тергеп соттау үшін жақындап келемін. Мен сиқыршыларға, неке адалдығын бұзушы мен ант бұзушыларға, жұмыскерлердің ақысын жеп, жетім-жесірлерге зорлық-зомбылық жасап, жат жұрттықтарды құқықтарынан айырғандарға қарсы куәлік келтіріп, әшкерелеуге ынтызармын», — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода