Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер қарыздар жақыныңның шапанын кепілдікке алсаң, оны күн бата қайтарып беріп отыр. Шапаны оның үстін жабатын жалғыз жамылғысы болғанда, сол бейшара не жамылып ұйықтамақ? Ол Маған жалбарынып сиынса, Мен оның зарына құлақ саламын, себебі Мен қайырымдымын. Құдай Иеміз бізге тапсырғандай осы өсиеттердің бәрін Оның алдында орындауға қырағы болсақ, онда біз әділ болып табыламыз». Түнде жамылғысыз жатады, суық болғанда жамылатын көрпелері де жоқ. Киімі жоқ үй-күйсізді әрі жамылғысы жоқ жарлы-жақыбайды көргенде, оларға өз қойымның жүнінен тоқылған киім кигізбедім бе? Сол үшін олар маған алғыс айтқан жоқ па еді? Ол мұқтаждарға мол көмек таратады,Оның әділдігі мәңгіге ұласады,Абыройы да жоғарылайтын болады. Мысалы, сол зұлым адам бейшара жаннан кепілге алғанын да, біреуден тонап алғанын да қайтарып береді, әрі Менің шынайы өмірге бастайтын жолымды ұстанып, енді қайтып зұлымдық істемейді дейік. Егер ол солай істейтін болса, онда өлімге бұйырылмай, өмір сүре береді.
Выбор основного перевода