Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Иса Зәйтүн тауына қарай беттеген еді. Ертеңгісін Ол қалаға қайта оралып, ғибадатханаға барды. Сонда бүкіл жұрт Оның қасына жиналды. Иса отырған соң, оларға тәлім берді. Бірнеше дін мұғалімі мен парызшыл да осы жерге келді. Олар неке адалдығын бұзып жатқан жерінде ұсталған бір әйелді айдап әкеліп, ортаға тұрғызып қойды. Олар Исаға қарап:— Ұстаз, мына әйел неке адалдығын бұзған қылмысы үстінде ұсталды! Таурат заңында Мұса бізге мұндайларды тас лақтырып өлтіруді бұйырған. Сіз бұған не айтасыз? — деді. Сол діндарлар Исаны сынап, айыптайтын сылтау табу үшін осыны айтқан еді. Бірақ Ол еңкейіп, саусағымен жерге жазып, оларға көңіл бөлмеді. Әлгілер сұрай берген соң, Иса басын көтеріп:— Араларыңда кімде-кім күнәсіз болса, сол әйелге бірінші болып тас лақтырсын, — деп, тағы да еңкейіп, саусағымен жерге жазып отыра берді. Олар Оның сөзін естігеннен кейін ұялып, алдымен үлкендері, содан кейін басқалары бірінен соң бірі шығып кетті. Ал Иса ортада тұрған әйелмен оңаша қалды. Басын көтеріп, әйелден:— Әлгі айыптаушыларың қайда кетті? Саған ешкім үкім шығарған жоқ па? — деп сұрады. Ол: — Ешқайсысы да, Мырза, — деп жауап берді. Ал Иса:— Мен де саған үкім шығармаймын. Бара бер, бұдан былай күнә жасаушы болма! — деді.
Выбор основного перевода