Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол екі арада даладан Жақыптың ұлдары да оралды. Не болғанын естігенде жігіттер қатты ренжіп, бойларын ашу кернеді. Себебі Сихем қызды зорлауымен Исраилдің бүкіл әулетін масқаралап, болмауға тиіс қылмыс жасаған еді. Ал сол пайғамбарды не көріпкелді өлтірулерің керек. Себебі ол сендерді Мысыр елінен алып шығып, құлдықтан құтқарған Құдайларың Жаратқан Иеге қарсы шығуға еліктіріп, Оның өсиеттеген жолынан азғыруға тырысты. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! Исраилдік ешбір еркек не әйел (жалған тәңірге бағышталып) жезөкшелікпен айналысушы болмасын! Құдай Иеміздің киелі үйіне уәде еткен қандай да бір сый-тартуды өтеу үшін, жезөкше әйел не еркектің алған ақысын алып келмеңдер! Өйткені Құдай Ие сол екеуінің де қылықтарын әбден жек көреді.
Выбор основного перевода