Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ мынаны біліп қойыңыздар: Егер мені өлтірсеңіздер, онда өздеріңіз, осы қала және оның тұрғындарының бәрі де жазықсыз адамның қанын төгіп, соның кінәсін мойындарыңызға жүктейсіздер. Өйткені бұл сөздерді сіздерге естіртуге мені шынымен Жаратқан Ие жіберді! Теңізшілер оған:— Бізге айтып берші: осы апаттың басымызға түскеніне кім кінәлі? Кәсібің не? Қайдан келдің? Туған елің қайда? Қай ұлтсың? — деген сұрақтарды жаудырды. Жүніс: Сондықтан олар Жаратқан Иеге жалбарына сиынып:— Уа, Жаратқан Ие, мына адамның жанын алуың үшін бізді де ажалға бұйыра көрме! Ал егер ол кінәсіз болса, қанын біздің мойнымызға жүктей көрме! Себебі Сен, Жаратқан Ие, осыны өз қалауыңа сай істедің, — деді.
Выбор основного перевода