Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тазару рәсімінен өтіп жатқан адам киімдерін жақсылап жуып, денесіндегі шашы мен түгін түгел қырып алып тастап, сумен жуынып тазарсын. Осыдан кейін оған ел қонысына кіруге болады, бірақ жеті күн бойы үйінің сыртында тұруға тиіс. Жетінші күні ол шашын, сақалын, қастарын және денесіндегі бар түкті түгелдей қырып алып тастасын. Адам киімдерін жақсылап жуып, денесін де сумен жусын, содан кейін таза болып саналады. Егер оның көз алдында біреу кенеттен қайтыс болса, осының өзі де оның басындағы бағышталған шашты арамдайды. Жеті күндік тазару мерзімі өткен соң ол шашын алдырып тастасын.
Выбор основного перевода