Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен исраилдіктер Ог патшаны, оның ұлдарын және бүкіл жасағын бір адамын да тірі қалдырмай қырып тастап, жерлерін иемденіп алды. елде тұрып жатқандардың барлығын қуып шығып, олардың ойып жасаған және балқытып құйған тәңір мүсіндерінің бәрін де жойып, жоқ қылыңдар! Биіктеу жерлердегі табыну орындарын да талқандап қиратыңдар! Құдайларың Жаратқан Ие сендерді елді иемдену үшін соған кіргізген кезде Өзі алдарыңнан бірнеше ұлтты қуып шығады. Олар: хеттіктер, гергестіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер. Осы жеті ұлт өздеріңнен үлкен әрі күшті. Құдайларың Жаратқан Ие (азғындыққа салынған) сол халықтарды қолдарыңа түсіріп, сендерге жеңдіргенде, барлығын да Оған бағыштап, түгелдей құртуларың керек. Олармен ешбір келісім жасамаңдар, аяп-мүсіркеуші де болмаңдар! Исраилдіктер сол қалалардың мал-мүлкін олжалады, бірақ олардың адамдарын бірде-бір тірі жан қалдырмай семсердің жүзімен құртты.
Выбор основного перевода