Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдік сарбаздар мадияндықтардың әйелдері мен балаларын қолға түсіріп, барлық табындарын, отарларын және өзге дүние-мүліктерін олжалап алды. Иерихон қаласы мен оның патшасына не істеген болсаң, Ай қаласы мен патшасына да солай істе! Бірақ мал-мүлкін өздеріңе олжа етіп алуларыңа болады. Қаланың арт жағынан тосқауыл құр!» Мұса Манаса руының бір жартысына меншікті жерін Башан аймағынан бөліп берген болатын, әрі Ешуа сол рудың қалған жартысына жерді бауырлас руларымен бірге Иордан өзенінің батыс жағынан үлестіріп берген еді. Ешуа (шығыс жақтағы) қоныстарына қайтатын руларға ақ батасын бергенде тағы былай деді:— Үйлеріңе орасан зор байлықты: отар-табындар, күміс, алтын, қола, темірді, көптеген киім-кешекті алып, қайта беріңдер. Жаудан түскен осы олжаны ағайын-тумаларыңмен бөлісіңдер!
Выбор основного перевода